Президенттік күзет қызметінің басшысы тағайындалды

2016
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/7d8144fe-fd81-4b11-ada4-5d35cae3e8d6.jpeg

Мемлекет басшысының Өкімімен Роман Алмаханұлы Төреханов Мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары – Президенттік күзет қызметінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Роман Төреханов – 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, сондай-ақ абсолютті салмақ дәрежесінде кәсіпқойлар арасында бразилиялық джиу-джитсудан абсолютті әлем чемпионы. Бұған дейін Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президенттің Күзет қызметінің бастығы лауазымын 6 ақпанда Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы болған Шыңғыс Аринов атқарған.

“Адырна” ұлттық порталы

Комментарии