Қазақ радиосының қарлығашы

3705
Adyrna.kz Telegram
Фото: BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

Бүгін - диктор, доцент, филолог, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Сауық Жақанованың туған күні, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Сауық Мәсіғұтқызы 1945 жылы 11 ақпанда Қарағанды облысында өмірге келген. 1966-2002 жылдары - Қазақ радиосының дикторы болып еңбек еткен.

Жарты ғасырын Қазақ радиосына арнаған алтын дауысты диктор мамандықты жоғары бағалаған.

"Радио тыңдаушыға дыбыстап оқу, сөйлеу арқылы жететін ақпарат құралы болғандықтан, бірінші диктордың  даусына мән беріледі", -деген Сауық Жақанова.

Әнуарбек Байжанбаев та «енді дикторға сенбей көр» деген пікірінде тыңдаушы қиялын асқақтататын диктордың шеберлігін айтқан.

"Қазақ радиосының қарлығашы" атанған Сауық Жақанова бүгінде "Сөйлеу техникасы", "Жүргізушінің сөйлеу мәдениеті" атты кітаптарының авторы, дәріскер, доцент.

Ол кісі 1985 жылы "Құрмет белгісі" орденімен, 1995 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі атағымен марапатталды.

Пікірлер