Қазақша білмейтін вундеркиндтер

2194
Adyrna.kz Telegram
Қарағандыда Назарбаев мектебін бітіретін қыз бала әлемдегі ең озық деген 6 университеттің грантын ұтып алды. Енді өзі қалаған оқу орнына түспек. Тамаша жетістік! Сенсация ғой, ә.
Бірақ сол бала орыс тілінің өзін ағылшын мәнерімен сөйлейді. Қазақ тілін білмейді. Алдыңғы жылы да Назарбаев мектебінің осындай бір түлегі (ол да қыз бала) шетелдегі екі университеттің грантын ұтып алып, Гарвардқа түскен. Назарбаев мектебіне бір басқармаға жететін қаржы бөлінетін шығар. Тіпті өзге мектептердің бюджетін салыстыруға да келмейді. Алайда,  сол мектепті бітірген, қазақ тілін білмейтін өте білімді балалардың көпшілігі жылда солай шетелге кетіп жатыр.
Ана тілін білмеген бала өзге елдің мәдениетін сіңіреді. Өзге елдің мәдениетін сіңірген, туған жұртына жат бала шетелге кеткен соң елге келе ме? Келген күннің өзінде қазақылыққа бет бұрып бара жатқан қоғамға сіңе ала ма? Өзбекстан қызметке шетелден мамандар алдырып, жұмыс істетіп жатыр. Біз өз алтындарымызды далаға шашып жатырмыз. Болашақпен бітіргендердің 1%-ғана елде қызметте, 99%-шетелде деген статистика әлеум. желіде шарлап жүр. Сонда біз кімді оқытып жатырмыз? Бейбарстар мен Әл-Фарабилердің бәрі шетелге кетіп жатқан жоқ па? Олар екі елге қызмет істей ала ма? Бұл да бір Қазақ елінің осы ғасырдағы қолдан жасаған қасіреті ғой.
Жаңабек Нар
"Адырна"  ұлттық порталы
Пікірлер