Қаржы мониторингі агенттігінің жаңа басшысы тағайындалды

1748
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/b0d52ae3-13cd-482b-9a46-3faddc9cf15d.jpeg

ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жаңа басшы – бұған дейін ҚМА төрағасының орынбасары қызметін атқарған Дмитрий Малахов. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 13 ақпанда қол қойды. «Дмитрий Михайлович Малахов бұрын атқарған қызметінен босатыла отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын», - делінген құжатта. 2023 жылдың қазанында Дмитрий Малахов Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған (2022 жылғы наурыздан 2023 жылғы қазанға дейін).

“Адырна” ұлттық порталы

Комментарии