Солтүстік Корея қанатты зымырандарды ұшырды

1751
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/whatsapp-image-2024-02-14-at-10.54.12.jpeg
Солтүстік Корея қанатты зымырандарын ұшырды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. КХДР елдің шығыс жағалауынан Жапон теңізіне қарай бірнеше снарядтарды ұшырып, қанатты зымырандарды сынақтан өткізді. Алдын ала ақпарат бойынша жергілікті уақытпен таңғы 9:00 шамасында зымырандарды ұшыру жұмыстары басталған.
"Бүгін, 14 ақпанда, шамамен 9.00 (Астана уақытымен 6.00) Солтүстік Кореяның Жапон теңізінің солтүстік-шығыс аймағынан бірнеше қанатты зымырандарды ұшыруы тіркелді", - делінген Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб бастықтарының хабарламасында.
Еске сала кетейік, КХДР бірнеше уақытта бесінші қанатты зымыран сынағын жасады.
Комментарии