Көмекті беретін қара халық, не үшін алғысты биліктегі шенділер мен әкімдер алу керек!?

2377
Adyrna.kz Telegram

Мүмкін доғарармыз өтірік мақтауды!
Егер билік қорғаныс саласын мықты қамтамасыз етіп, жағдай жасағанда бүгінгі жағдай болмас еді. Таңғы 9:00 жарылыс болған. Ал басшылар сағат 2 де жиналып, штаб құрылды. Еліміздің Бас әскери Қолбасшысы кеш ұшып келді.
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, эвакуация жұмыстарына дайын емес екенімізді бүгінгі оқиға ашық көрсетті.
➡1- ұйымдастырушылық жоқ!
➡2-әскери қойма болған қалада тікұшақ жоқ! Өрт сөндіру көліктері өте аз!
➡3-жылына екі рет жаттығу жұмыстары жүргізіліп тұру керек.
➡4-Сирена қосылып, халыққа дауысты хабарлама арқылы көшеге шығып, қаладан шығу тәсілін үйретіп қою керек еді.
➡5-халық түгілі әскери қызметкерлердің өздері, өз бастарын сауғалап қашқан. Бұл біздің әскеріміздің әлсіздігін, қорғанысымыздың жоқтығын білдіреді.
➡6-әскери көліктердің аздығы, халықты қауіпсіз жерге алып шыға алмады.
➡7-Экстренный, мобильді түрде қызмет көрсете алмады.
➡8- Вертолет пен ұшып жүріп өрт сөндіру тәсілін қолданбады. Көбікпен өшіру.(пена)Егерде бізде ол бар болса?!
➡9-Ақпарат тарату саласында әкім келді,бақылауға алды сыңайлы мезі болған ақпараттар таралды.
Брифингті тығылып ешкімге хабарламай, тығылып берді. Он минут қалғанда фейсбукқа жариялады.
➡10 Оқиға бойынша өлген мал санын көп қылып, адам санын аз қылып көрсететін система жүзеге аса бастады.

Қойманы қорғай алмай отырған әскер, елін қалай қорғамақшы?!

Ал бүгін Қазақ Елі!
Өздерін мықты ұлт ретінде көрсетті!
Наны, суы бар халықтан ешкім аяған жоқ! Ол үшін халыққа алғыс айтылуы керек!

Әкім мен шенділер тек бұйрық орындаушы. Соғыс болса бірінші шет елге осылар қашады!

 Айгүл Орынбек

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер