Спортты дамыту дирекциясының бұрынғы директоры қамауға алынды

1616
Adyrna.kz Telegram
фото: Tengrinews.kz
фото: Tengrinews.kz

Спортты дамыту дирекциясының бұрынғы директоры алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет экс-шенеунікті ұстағанын хабарлады.

Қазір Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК бұрынғы директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Күдікті ретінде ұсталған азамат 2021-2022 жылдары алдау арқылы жалпы сомасы 57 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.

Бұл қаражатты БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы «Artsport» бағдарламасы бойынша жан басына қаржыландыру шарты шеңберінде балаларды оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерге «Ақжайық ФК» ЖШС-не бөлген екен.

Соттың санкциясымен қазір шенеунік қамауға алынды.

Пікірлер