Алматы облысында ер адам балаларды ұрып-соғып, байлап кеткен

1126
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Алматы облысы Жамбыл ауданында ер адам төрт баланы байлап, ұрып-соғып, азаптады деген күдікке ілінді.  Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленовайтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Кәмелетке толмағандарға шабуыл жасаған әрекет туралы арыз бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті анықталып, оған қатысты ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған дерек бойынша облыстың барлық аудандық бөлімшелері мен өңірлік полиция органдары бағдарланды. Басқа ақпарат қосымша беріледі»,—деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде балалардың соққыға жығылғаны туралы бейнежазба тараған еді.

Пікірлер