Алматы полициясы Нұрсұлтан Назарбаевты жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырды

1666
Adyrna.kz Telegram
Фото ашық деркккөз
Фото ашық деркккөз

Алматы полициясы Нұрсұлтан Назарбаевты жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырды. Бұл туралы CMN.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

2024 жылдың 4 ақпанында Сейфуллин даңғылы мен Тобаяқов көшесінің қиылысында билік өкілдері Toyota Camry көлігін тоқтатты. Жүргізуші 23 жастағы Нұрсұлтан Назарбаевтан алкогольдік мас болу дәрежесін анықтау үшін түтікке дем беруді сұраған.

Содан кейін экс-президенттің аты-жөнімен ұқсас азаматты медициналық тексерістен өткізіп, сот процесі өтіп, 15 тәулікке қамауға алған. Нұрсұлтан Назарбаев жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Полицейлер көлікті тұраққа апарды.

Шешіммен келіспеген жүргізуші аппеляциялық шағым түсірген. Ол өз өтінішінде дәлелді себепсіз тоқтатылғанын және алғашқы медициналық тексеруден нәтиже шықпағандықтан, алкогольдік мас болу дәрежесін анықтау үшін заңсыз қан тапсыруға мәжбүр болғанын көрсеткен.

Тараптардың пікірін тыңдаған Алматы қалалық соты 9 ақпанда бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды. Нұрсұлтан Назарбаев 15 күн қызмет көрсетіп, жеті жыл бойы такси мен қоғамдық көлік қызметін пайдалануы керек.

Пікірлер