ШҚО-ның жастары Арыс қаласына гуманитарлық көмек жинауда белсенділік көрсетуде

2177
Adyrna.kz Telegram

Облыс аумағындағы барлық жастар ресурстық орталығында жәрдемге жіберілетін заттарды қабылдайтын бекет ашылды.
– Мұндай ауыр жағдайда қолы ұшын созбау – ағайындығымызға сын. Сондықтан біз, жастар ресурстық орталығының ұжымы облыс басшылығының Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету бастамасына барынша қолдау білдіреміз. Жер-жердегі ресурстық орталықтардың мамандары бір күндік еңбекақыларын зардап шеккендерге көмек ретінде аударатын болады. Сол сияқты облыстың аудан-қалаларындағы ірі сауда орындарында, супермаркеттер мен базарларда қайырымдылық сөрелері ашылды. Бұл жерлерге осы бір қайғыға ортақ болған кез келген азамат арыстықтарға қажетті тауарларды әкеліп, ортақ іске өз үлесін қоса алады. Өздеріңіз көргендей, жерлестеріміз қайырымдылық акциясына қолдау білдірруде. Бірі азық-түлік, енді бірі төсек-орын жабдықтарын әкеліп тапсыруда. Біз сіздермен біргеміз, Арыстағы ағайын! – дейді аталмыш орталықтардың жетекшісі Арайлым Есімбекова.
Жастар ресурстық орталығының Өскемендегі бекеті Потанин көшесі, 27/1 мекенжайында орналасқан.
Осы орайда айта кету керек, қаладағы базарлар мен ірі сауда кешендерінде де қайырымдылық сөрелері қойылған. Қолдау білдіргісі келген кез келген адам азық-түлік пен тұрмыстық заттарын сонда қалдырып кете алады.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер