Сегізінші мәрте. Президент тағы да сайлауға түспек

789
Adyrna.kz Telegram

Беларусь басшысы Александр Лукашенконың 2025 жылы өтетін президенттік сайлауға түсетіні белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы DW сайтына сілтеме жасап.

Президент депутаттар сайлауында дауыс бергеннен кейін, журналистердің сұрағына жауап ретінде өзінің президент сайлауына қатысатынын ашып айтты.

"Оларға менің сайлауға қатысатынымды жеткізіңіздер", - деп Лукашенко мәлімдеме жасады.

Айта кетейік, Лукашенко Беларусь билігін 30 жылға жуық уақыт басқарды. Ал келесі жылдың шілде айында Беларусьте президенттік сайлау өтеді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер