Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

843
Adyrna.kz Telegram
Фото: insider-kz.com
Фото: insider-kz.com

Бүгін Түркияның Ыстанбұл қаласында Димаш Құдайбергеннің When I’ve got you атты жаңа туындысына арналған бейнебаянның тұсау кесер рәсімі болды. Бұл туралы dimashnews сайты жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бейнебаян идеясының авторлары – Димаш Құдайберген мен клиптің режиссері Ғалым Асылов.

Режиссер мен жобаның екінші режиссері әрі желілік продюсері Жәнібек Ғұсмановтың айтуынша, клип Алматыда түсірілді. Бейнебаянға Қытайдан келген 70-тен астам маман шығармашылық топта жұмыс істеді. Дәл сол жерде бас кейіпкердің костюмі тігіліп, әншінің бүкіл образы жасалды.

«Кастинг оңай болған жоқ. Басты кейіпкердің рөліне көптеген актрисалар мен модельдер өз бақтарын сынады. Ежелгі антикалық мәдениетті іздеу оңай болмады. Сол себепті, бейнежазба үш жер түсірілді», – деді Ғалым Асылов.

Пікірлер