Кешегі бомба туралы жалған ақпарат таратқан екі әйелді ІІМ ұстады

1744
Adyrna.kz Telegram

"ҚР Ішкі істер министрлігі Арыс қаласында қайтыс болған адамдардың саны үшеу екендігін ресми түрде растайды.  "Егер де азаматтар зардап шеккен адамдар туралы қандай да бір қосымша деректерге ие болса, ресми түрде ішкі істер министрлігіне шағымдануға шақырамыз", - делінген ІІМ хабарламасында.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының полиция Департаменті қуатты бомба жарылысы болады деген жалған ақпаратты таратқандары үшін екі әйел адамды ұстады. Ішкі істер органдарымен ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 247 бабыбының 1 тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны айтылады. Қайтыс болғандардың саны жөнінде жалған хабар таратқандар да жазалынатынын ескертті.   Соңғы тәуліктер бойынша аталған баппен 3 дерек тіркеліп отыр. Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі тұрғындарды әлеуметтік желілер арқылы және түрлі мессенджерлер арқылы таралатын жалған ақпаратқа сенбеулерін және үрейге бой алдырмауларын сұрайды" деп хабарлайды Арыс қаласына арнайы барған "Адырна" ұлттық порталының тілшісі Оңғар Қабден.

Еске салайық, 24 маусымда сағат 9.20-да Арыс маңындағы әскери бөлім территориясында орналасқан қару-жарақ қоймасында оқ-дәрілер жарыла бастады. Қалада 45 мың адам тұрады, оның бәрі эвакуацияланған. Қайғылы оқиғадан қала тұрғыны ауыр жарақат алып, қаза тапқан, оның көлігіне снаряд түскен. 25 маусымда бір әскери қаза тапқан, оның денесі қоймалар маңынан табылған. 26 маусымда тағы бір әскеридің қаза тапқаны анықталды.

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер