Жарты жылда «Қазарнаулыэкспорттың» екінші басшысы ұсталды

1393
Adyrna.kz Telegram

«Қазарнаулыэкспорт» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры міндетін атқарушы Аршат Аяғанов ұсталды. Оған билікті асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Қаржы мониторинг агентігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Броньдалған әскери техниканы жеткізу бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдік бойынша «Қазарнаулыэкспорт» РМК бас директорының міндетін атқарушы Аршат Аяғанов ұсталды»,– делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қараша айында 1 млрд теңге жымқырды деген күдікпен дәл осы мекеменің басшылары ұсталған еді.

Пікірлер