Қолөнершілер грантына өтініш мемлекеттік тілде қабылданады

930
Adyrna.kz Telegram
Сурет: tj.sputniknews.ru
Сурет: tj.sputniknews.ru

Жақын арада Тәжікстанда президенттік грант алуға өтінім қабылдау басталады. Бағдарлама қолөнершілерді қолдау және осы саланы дамытуға арналып отыр. Бұл туралы Еңбек, көші-қон және халықты жұмыспен қамту министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Centralasia.news-ке сілтеме жасап.

«Биыл әрқайсысы 25000 сомониден (1 029 250 теңге — ред.) 20 грант бөлінді. Конкурсқа қатысуға өтінімдер 1 сәуірге дейін мемлекеттік тілде қабылданады»,—делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ел үкіметі қолөнершілерге гранттық қолдау көрсету туралы қаулы қабылдаған болатын.  Құжат 2024 жылдан 2026 жылға дейін жұмыс істеуді және 1,5 миллион сомони көлемінде 60 грант құруды көздеп отыр. Бұл бастама Тәжікстандағы қолөнер саласын дамытуға және шеберлерді қолдауға бағытталған.

Пікірлер