Аида Балаева Бишімбаев ісі туралы: Қоғам ақымақ емес

1193
Adyrna.kz Telegram
фото: NUR.KZ
фото: NUR.KZ

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында Қазақстандағы медиа нарықтың «тыйым салынбағанның бәріне рұқсат» қағидасы бойынша жұмыс істейтінін айтты.

«Елімізде цензураға тыйым салынады, ал медиа ойыншылар көбіне «тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Жақында журналистік этикаға арналған дөңгелек үстел өткіздік және сол жерде журналистің этикасы өз-өзін қадағалау шегінде болуы керек деген қорытындыға келдік. Көріп отырғанымыздай, өзін-өзі қадағалау деген нәрсе көбіне жұмыс істемейді. Біз механизмдерді түсінеміз және Бишімбаев ісінде бүгін болып жатқан медиа науқанның қалпын көріп отырмыз. Өкінішке қарай, теріс мүддені басшылыққа ала отырып, барлық қабылданған жалпыадамзаттық норма мен қағидаға қайшы, өтірік әрі қоғамдық сананы манипуляциялаумен айналысатын адамдар қоғамнан шеттетіледі. Өйткені қоғам ақымақ емес»,—деді министр.

Айта кетейік, Бұрынғы Ұлттық экономика министрі  Қуандық Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылып отыр:

  • Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы – "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру, заңсыз қасақана бөтен адамның өліміне әкеп соғу";
  • Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы – "Кінәліге материалдық жағынан тәуелді адамға жасалған жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы дене және психикалық зардап келтіру".
Пікірлер