Мәскеуліктер Алексей Навальныйды ақтық сапарға шығарып салды

844
Adyrna.kz Telegram

Алексей Навальный 1 наурыз күні Мәскеу қаласында жерленді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Навальныймен қоштасу рәсімі Мәскеудің Марьино тұрғын алабындағы шіркеуде өтті, ал жерлеудің өзі жақын маңдағы Борисовское зиратында болды.

Биліктің ескертуіне қарамастан оппозиционерді ақтық сапарға шығарып салуға мыңдаған адам барды. Жиналғандардың кезегі бір жарым шықырымға созылды.

Алексей Навальныймен Марьинодағы «Қайғыларымды сөндір» Құдай Анасының иконасы шіркеуінде қоштасу Мәскеу уақытымен 14:00-ге жоспарланған.

Пікірлер