Семейде жасөспірім қызды аңдыған ер адам полицейге пышақ сұқты

1158
Adyrna.kz Telegram

Семейде жасөспірім қызды күдікті ер адамнан құтқармақ болған полицейді пышақтап кетті, - деп хабарлайды “Адырна” порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 29 ақпанда болған. Полицейлерге 13 жасар қыздан белгісіз ер адам аңдып жүргені туралы хабарлама түскен. Бала 102 операторына дүкенде күтіп тұрғанын, сыртқа шығуға жүрексініп тұрғанын айтқан.

Шақырту қоңырауына жергілікті полиция қызметкерлері жіберілді. Олар күдікті ер адамды байқап, мән-жайды анықтауға тырысты. Алайда, қолына пышақ ұстаған жігіт тәртіп сақшыларына шабуылдаған.

"Полиция қызметкерлері ер адамның дүкеннен кетіп қалғанына көз жеткізу керек екенін түсініп, жолай бөтен адамның кезігіп қалмауын бақылады. Агрессивті ер адамның назарын аударып, полиция қосымша күштерді сұрады, оқиға орнына дереу патрульдік полиция бригадасы барды”делінген хабарламада.

Пышақ ұстаған ер адам патруль қызметкері Асхат Ахатовқа шабуыл жасап, оны жарақаттаған. Полицей қоян-қолтық ұрыс дағдыларын қолданып, әріптестерімен бірге қылмыскерді тұтқындады.

Полицей басынан үш жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның үстінен полиция қызметкерінің өміріне қастандық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пікірлер