Аязды күні жоғалған: Ауруханадан шыққан зейнеткердің денесі табылды

1766
Adyrna.kz Telegram
Фото: basnews.kz
Фото: basnews.kz

68 жастағы зейнеткер аязды күні үсіп қалған, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Оқиға Қостанайда болған.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша әйел адам 29-ақпан күні түн ішінде қалалық ауруханадан шығып кеткен. Алайда 68 жастағы зейнеткер үйіне бармапты.

Аязды түні ауруханадан шыққан әйелдің мүрдесі кешкі сағат 19:30 кезінде Станционная көшесі маңынан табылған. Денеде зорлық-зомбылық белгілері болмаған.

Қазір аталған факті бойынша сараптама жүргізіліп жатыр.

Пікірлер