Күйік шалған. Пәтерден шыққан өрттен бір адам қаза тапты

891
Adyrna.kz Telegram
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Өскеменде тұрғын үйден өрт шығып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қаладағы Бажов көшесінің бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан өрт шыққан.

Құтқарушылар өртенген пәтерден бір адамның мүрдесін тапты.

"Өрттің ауданы 13 шаршы метр. Өрт орнында денесін күйік шалып, қаза тапқан 1986 жылы туған тұрғынның денесі табылды", - делінген хабарламада.

Пікірлер