"Аққұтанды атқан". Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді

828
Adyrna.kz Telegram
Фото: erbirds.ru
Фото: erbirds.ru

Алматыда Қызыл кітапқа енген құс өлтірілді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Қалалық полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған "Сайран көлінде Қызыл кітапқа енген аққұтан өлтірілді" деген хабарламаға пікір білдірді.

"Алматы полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, мән-жайы анықталып жатқанын хабарлайды", - деп мәлімдеді ведомство.
Айта кетейік, аққұтанды дәрігерлер аман алып қалуға тырысты. Алайда құс тірі қалмады.
Пікірлер