Жолаушыны күштеп көліктен түсірген такси жүргізушісіне айыппұл салынды

1243
Adyrna.kz Telegram

Такси жүргізушісі жолаушыны көліктен күшпен түсіріп, оған дене жарақатын келтірген, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Жолаушыны күштеп көліктен түсірген жүргізуші 36 мың теңге айыппұл төледі.

Мадина есімді астаналық тұрғынның айтуынша, жүргізуші нақты мекен жайды сұрап, бара жатқан жақтың қате екенін жеткізген. Алайда бойжеткен қолында навигатордың бар екенін айтыпты.

Бірақ жолаушыға сенбеген көлік жүргізушісі қызды діттеген жеріне апарудан бас тартқан. Кейін тоқтап қызды күштеп, көліктен түсіріп кеткен. Жәбірленуші оқиға орнында полиция шақырған. Алайда полиция шу шығарған жүргізушіні де оқиға орнына шақыртқан.

“Ол менен кешірім сұрамақ түгілі өзіне обал жоқ деген көзқараспен қарады. Мен онымен сөйлескім келмей, тыныш отырдым. Ал ол болса “көліктен түспеген өзі кінәлі” дейді. Болды бұдан басқа ақталатын себеп айтпады”, – дейді жолаушы қыз Мадина.

Тіпті Республикалық такси қызметінің төрағасы да жүргізушілердің әдепсіздігін мойындап отыр.

“Олардан шағымдар түсіп тұрады. Жүргізушілермен мұндай жұмыстарды ешкім жүргізбейді. Бұл жерде жауапкершілікті де жүргізушілер мойынына алмайды”, – деді  Республикалық такси қызметі ассоциациясының төрағасы Медет Құрманов.

Пікірлер