Ақтөбеде студентке қарсы ауыр қылмыс жасады деген күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпарат бойынша, 19 ақпанда белгісіз екі адам 22 жастағы студентті қорқыту арқылы одан қолма-қол ақша мен жеке мүлкін талап еткен. Жәбірленуші олардан қашып, жақын маңдағы дүкенге кіріп үлгерген. Алайда олар дүкенге кіріп, жәбірленушіні ұрып-соғып, өздерімен
бірге алып кетуге тырысқан.