Алматыда жер дүмпулері әлі де болуы мүмкін екені хабарланды

2218
Adyrna.kz Telegram

Алматыда жер дүмпулері әлі де болуы мүмкін. Бұл туралы Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы директоры Дәулет Сәрсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Дәулет Сәрсембаевтың айтуынша, олардың қуаттылығы әлсіз сезіледі.

Ол тұрғындарды сағат 16.00-ге дейін халықты қабылдау пунктінде  болуға шақырды.

Қазіргі уақытта қала бойынша 384 қабылдау пункті ашылған: 229 мектеп пен 115 балабақша, 15 ЖОО, 20 колледж және 5 стадион.

Аудан әкімдіктерінің қызметкерлері қабылдау пункттерінде жұмыс істеп жатыр. 

Пікірлер