Алматы аумағында жойқын жер сілкінісі болмайтыны хабарланды

855
Adyrna.kz Telegram

Алматы аумағында жойқын жер сілкінісі болмайды. Сейсмологиялық бақылау мен зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссиясы осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Комиссия алдағы күндері Алматы болжамды полигонының аумағында жойқын жер сілкінісінің ықтималдылығы 70%-ға күтілмейді деген қорытындыға келді. Қауіп төндірмейтін қайталама жер тербелістері болуы мүмкін», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия алдағы күндері Алматы аумағында жойқын жер сілкіністері 70% ықтималмен Алматы болжалды полигонында күтілмейді деген қорытындыға келді.

Операциялық сейсмикалық деректерді талдай отырып, комиссия 2024 жылдың 04 наурыз күні 12 сағат = 20 минутта Алматы болжамалы полигонда сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атады.

4 наурыз 11:22 -де (Гринвич бойынша) Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы Мрv=6.1 тіркелген жер сілкінісі Алматыда 5 балл, эпицентрде MSK-64 шкаласы бойынша 5-6 балл болды.

"Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия жақын арада күшті жер сілкіністері 70% күтілмейді деген қорытындыға келді. Сейсмикалық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы бақылауды жалғастырады. Жоғарыда аталған комиссияның келесі отырысы осы жылдың 6 наурызында, алдағы сәрсенбі күні өтеді”, делінген хабарламада.

 

Пікірлер