БИЛІККЕ ҮНДЕУ!

2399
Adyrna.kz Telegram

🛑☝Арыс халқының талаптары!

➡1.Ең бастысы Әскери бөлімшелердегі бүкіл снаряд қаруларды көшіру!
➡2.Тұрғындардың баспанасы толықтай жөндеуден өтіп, қалпына келтіру.
➡3.Шығын болған мал мен мүліктің барлығын толтыру қажет.
➡4.Жарақат алған тұрғындарды барлығын медициналық тексеру жүргізіп, түгелдей емдеу сауықтыру шараларын өткізсін.
➡5.Бүкіл Арыс халқының кредитін толық жабу!
➡6.Арыс қаласында тұрмаймыз, қорқамыз басқа қалалардан үй алып беріңдер немесе ақшасын беріңдер!
➡7. Әрбір Арыстық азаматтың есеп шотына моральды айыппұл ретінде 500 мың теңгеден аудару!

Бүгінгі Арыс халқымның билікке деген талабы осындай! Бұл жерде халық екіге бөлінген! Бірі Арыс қаласына барып тұрамыз десе, бірі барып тұрмаймыз қорқамыз дейді. Сол себепті екі жақтың да талабына біріктіріп жаздым!
Әттең осы ұсыныстарды билікке мәнерлеп жеткізе алмадық. Жан-жақтан қосылған арандатушылар, кесірін тигізді.
Жүректері ауырып,жүйкелері сыр беріп жүрседе Арыстық ағайындар бүгін өздерін өте биік ұстады!
Митинг бейбітшілік түрде өтті!
Арыстың арландары,ұландары мен сендермен мақтанамын!

 

Айгүл Орынбек

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер