"Ұрып-соғып, қару кезенген". Бопсалаушылардан қашқан жігіт бесінші қабаттан секіріп кетті

1127
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Ер адам өзін бопсалағандардан қашамын деп ауыр жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше бопсалаушылар тобын анықтауға және олардың жолын кесуге ерекше назар аударылған.

"Ауыр қылмыс жасады" деп күдікке ілінген Қызылорда облысының алты тұрғыны Астана – Павлодар автожолында қолға түскен.

Бопсалаушылар екі адамды көлікке күштеп отырғызып, пәтерге алып келген. Олардың тыныш отыруы үшін ұрып-соғу арқылы қорқытып, қару да кезенген екен.

Жәбірленген азаматтың бірі пәтерден қашпақ болып, бесінші қабаттан секіріп кеткен. Алайда ол көп жарақат алды.

Қазір қылмыстық іс тергелуде.

"Барлық факті бойынша күдіктілер ұсталды. Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жарияланбайды. Құрметті азаматтар, егер сіздер қылмыстық топтар тарапынан қол сұғушылыққа тап болсаңыздар, дереу полицияға хабарласыңыздар. Біз сіздің ақпаратыңыздың құпиялылығына кепілдік береміз және сізді қорғап, қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге бар күш-жігерімізді саламыз", – деді облыстық департамент бастығы Шыңғыс Алекешев.

Пікірлер