Оралған "Әліппе". "Атамұра" баспасы жалған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

556
Adyrna.kz Telegram

2024 жылдың 29 ақпан күні «Атамұра» баспа корпорациясы жалған ақпаратқа қатысты мәлімдеме таратты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Әлеуметтік желідегі парақшасында Досай Кенжетай "Әліппеге" қатысты жазба жариялаған.

Автордың «Қайтқан «Әліппе» деп мысқылдаған кітап Оқу-ағарту министрлігі ұсынған, жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына арналған «Атамұра» баспасы шығарған «Әліппе» еместігіне назар аудартқан болатын.

«Әліппе» атауымен шыққан кітапша қолданыстағы, бірнеше сараптамадан өткен, министрлік мақұлдаған «Әліппе» болмағандықтан Досай Кенжетайдың «Қайтқан «Әліппе» туралы» деп жазғаны жалған ақпарат тарату екендігін көрсеткен.

"Атамұра" баспасы Досай Кенжетайдың фейсбуктегі парақшасынан «Қайтқан «Әліппе» туралы» 2022 жылдың 8 қарашасынан 2024 жылдың 3 наурызына дейін әлеуметтік желіде жұртшылықты шулатқан жалған ақпаратын және оған жазылған комментарийлерді заңды түрде нотариалды растатып, бекітіп алған болатын. Ал автор әлеуметтік желідегі жазбасын тек 2024 жылдың 3 наурызы күні ғана алып тастады.

"Атамұра" баспасы Досай Кенжетайдың өз қателігін түсінгендігін және оның да ұстаз екендігін ескеріп, жалған мәлімет таратушыны сот алдында жауапқа тарту ниетін өзгертті.

Алдағы уақытта кітап шығару арқылы отандық білім, мәдениет пен әдебиет салаларына үлес қосып отырған іскерлік әрекеттеріне жала жабылып, жалған пікір көрініс берген жағдайда өз құқығын заңға жүгіну арқылы қорғайтындығын мәлімдеді.

Пікірлер