"Біреудің басын ойып түседі". Тараздықтар шатыр жақтауына қатқан қалың мұзды көрсетті

930
Adyrna.kz Telegram

Желіде Тараздық тұрғынның шатыр жақтауында қатқан үшкір мұзды көрсеткен видеосы тарады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Тараз қаласы, 13 ықшамаудан тұрғынынан редакциямызға видео келіп түсті. Автор ауласында көктемнің лебі сезілгенін алайды күн түспейтін тұста орналасқан шатыр жақтауында үшкір қалың мұз қатқанын көрсетіп:

"Қарама-қарсы жаққа күн түседі ғой. Мұздары еріп кетті. Біз жаққа күн түспейді. Біреудің басына түссе сұмдық болады ғой. Жаңа біреуі "тақ" етіп құлады" деп сипаттады жағдайды.

Жағдайға қатысты әкімдік әзірге түсініктеме бермеді.

(редакцияға жолданған суреттер)

 

 

Пікірлер