Жемқорлыққа қарсы агенттік бұрынғы мәдениет вице-министрінің ұсталуына қатысты мән-жайды баяндады

796
Adyrna.kz Telegram

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты істің мән-жайын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ол аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген.

6 наурызда өткен брифингте «Антикор» ресми өкілі Арман Тілеукенов экс-шенеуніктің өңіраралық форум көрмесіне шамадан тыс қаражат жұмсау арқылы күдікке ілікенін айтты:

"Коммерциялық ұйымның мүддесін көздейтін ол 2018 жылы Петропавлда Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының XV өңіраралық форумының көрмесін ұйымдастыру туралы келісім жасасуға қолдау көрсетті" деп хабарлады.

Форумды өткізуге арналған баға екі есеге артып, бюджеттің қажетсіз шығындарына әкеп соққан. Жедел уәкілдер Қожағапановтың «түскен» ақшаға сатып алған мүлкін анықтап, оны қамауға алды.

Тергеу жалғасып жатыр. Экс-шенеунік алдағы екі айда қамауда болады.

Пікірлер