Қытайдағы қазақтар. XIV Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы президиумына қандастарымыз мүше болды

1878
Adyrna.kz Telegram
Фото: china.caixin.com
Фото: china.caixin.com

Ұлты қазақ депутат XIV Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысында президиум мүшесі болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Қазақпаратқа сілтеп.

5 наурызда таңертеңгі сағат 9:00-де Бейжіңдегі Халық жиналыстары үйінде XIV Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының ашылу салтанаты өтті.

Жиналысқа қатысқандардың ішінде 60 адамнан тұратын Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық  өлкесі делегациясы 11 ұлттың өкілінен құралған.

Қытайдағы қазақ депутаттар XIV Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының екінші сессиясына және Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі XIV Ұлттық комитеті жиналысына қатысқан. Тізім бойынша Гүлмира Дәулет, Ершат Тұрсынбай, Сарқыт Ақан, Айдын Толқын және Зоя Бахыт есімді ұлты қазақ 5 депутат бар.

Ал Сарқыт Ақан XIV Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының екінші сессиясы президиумының мүшесі болып сайланды. Отырысты төрағаның міндетін атқарушы Чжао Леджи өткізді.

Одан бөлек, Қытай халықтық саяси консультативтік кеңесі XIV Ұлттық комитеті жиналысына қытайлық қандасымыз Нұрлан Абдулмажин және Қадырбек Қамза қатысып жатыр.

 

Пікірлер