Мектеп асханасындағы салғырттық. Балаларға берілетін тамақтан құрт шықты

1035
Adyrna.kz Telegram

Павлодарда мектеп асханасында берілетін тамақтан құрт шыққан, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Almaty.tv-ға сілтеп.

Арызданғандар көбейген соң Павлодардағы мектеп асханасын тексеру басталған.

Асхананы жалға алған 5 кәсіпкер тазалықты сақтамағаны үшін 1 млн теңге шамасында айыппұл төлейтін болады.

Себебі балаларға берілетін тамақтан құрт шыққан. Куәгерлердің сөзінше бұл кәсіпкерге тағылған алғашқы айып емес.

Қазір өңірде ведомствоаралық сараптамалық топ жасақталып, 16 мектепке тексеріс жүріп жатыр.

Пікірлер