Орталық саябақ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» аталмақшы

1999
Adyrna.kz Telegram

Павлодардағы орталық көшенің «Тәуелсіздік» атауы «Nursultan Nazarbaev» болып өзгертілгені күні кеше еді. Жергілікті биліктің жұртшылық пікірін ескермей қабылдаған шешімі түрлі әлеуметтік топтардың арасында наразылық көңіл күйін тудырды. Сол кездің өзінде «Тәуелсіздік» атауынан үміт үзбей, қайтаруға талпындық.

https://adyrna.kz/post/15958?

fbclid=IwAR1EyoJy8nwuoFIaQO0LAjoqkkbCxmCxXVujnKCgcaIupkCr1mBZYdxxLNM

Амал не, әкімдіктегі ақ жағалы ұлықтар үнімізді естіген жоқ! Павел патшазаданың атына қойылған Павлодар атауын өзгерту, көшелерге «Алаш», «Желтоқсан» атауларын беру мәселелерін де күн тәртібіне қойған емес. Сөйткен билік енді орталық саябаққа «Қазақстан халқы Ассамблеясы» деген атау беру мәселесін қолға алды! http://pavlodarnews.kz/index.php?id=25062

Еліміздің ең ұлы құндылығы – Тәуелсіздік! Тәуелсіздіктен артық қасиетті ұғым жоқ! Тәу етер жалғыз киеміз – Тәуелсіздік! Қазақстан халқы Ассамблеясы болса – Тәуелсіздіктің арқасында дүниеге келген көп құрылымдардың бірі ғана.
Ендеше орталық саябаққа «Тәуелсіздік» атауы беріліп, қала тұрғындарына қасиетті атау қайтарылуы керек. Егер ондағы аллеялардың бірі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» аталса құба құп.
Шырайлы Шымкенттің көрікті орындарының бірі Тәуелсіздік саябағы екенін Павлодар облысының әкімі, облыс Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Болат Бақауов мырзаның есіне саламыз.

Арман ҚАНИ,
Павлодар қаласы

Фотосурет http://pavlodarnews.kz сайтынан алынды.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер