Ереуіл салдарынан. Германиядан ұшатын әуе рейстері тоқтатылды

2450
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/f394e169-0e07-4a17-ba5a-da12fc44a0b6-960x500.jpeg?token=072992583cd1d18d8644238c315d5b90
Германиядағы қазақтар Қазақстанға қайта алмай жүр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 2024 жылдың 7 наурызында Франкфурт әуежайында авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ереуілге шыққан. Соның салдарынан Air Astana ұшағының KС921/KС922 "Астана-Франкфурт-Астана" рейстерінің ұшуы тоқтатылды Компания мәліметінше рейстің тоқтатылуына байланысты барлық жолаушыға хабарлама таратылған.
"Әуекомпанияға байланысты емес себептермен рейстердің орындалмағанына және соның салдарынан туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Билетті қайтару және қайта брондау туралы сұрақтар бойынша әуекомпанияның call орталығына хабарласып, рейсттің мәртебесін ресми сайтынан тексеруді сұраймыз", - делінген ресми хабарламада.
Комментарии