Саудадағы мәселе. Сатып алушы тұтынушыға ақшасын қайтармай қойған

981
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Павлодарда сатушы тұрғынға ақшасын қайтарғысы келмеген, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеп.

Сатушы өлшемі келмеген күртешенің ақшасын өз тұтынушына кері қайтарғысы келмеген. Тұтынушы 90 мың теңгеге күртеше сатып алған. Алайда ол сатып алған күртешенің өлшемі тұрғынға келмеген.

Сатып алушы оны 14 күнтізбелік күн ішінде тауарды қайтаруды ойлаған. Алайда сатушы тауарды айырбастап беруден де, ақшаны қайратып беруден де бас тартқан.

Полиция департаменті бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңының 14-бабына сәйкес, сатып алушы азық-түлікке жатпайтын тауарды алған  кезден бастап он төрт күн ішінде, егер сатушы (дайындаушы) неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаса, сатып алынған тауарды басқа өлшемдегі, пішіндегі, түстегі, не болмаса тараптардың келісімімен басқа тауарға айырбастауға құқылы", – делінген департамент өкілдерінің хабарламасында.

Пікірлер