"Пара алды" деп күдікке ілінген әкімнің ісі сотқа жетті

2599
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/whatsapp-image-2024-02-14-at-12.12.20-960x500.jpeg?token=60db63c5d0949b12029cb3c9b52e728a
"Пара алды" деген күдікпен ұсталған Сәтбаев қаласының әкіміне қатысты іс сотқа берілді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Шапағат Әубәкіров 14 ақпаннан бастап "пара алды" деп ұсталған еді.
Шенеунікке қатысты қылмыстық іс Сәтбаев қалалық сотына 1 наурыз күні келіп түскен. Ал алғашқы сот отырысы 11 наурызға белгіленгені анықталды. Күдікке ілінген әкімге ҚР ҚК-нің 366-абы 2 -бөлігі бойынша айып тағылып отыр.
Комментарии