"Алматылық сот маманы әйелді соққыға жыққан". Полиция түсініктеме берді

3288
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/izobrazhenie_2024-03-09_143234543.png
Желіде Талдықорғанда ер адамның жұмыс орнында әйелді ұрып-соғып жатқан видеосы тарады, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Болжам бойынша, видеодағы ер адам алматылық сот-медициналық сарапшы маманы деген пікірлер айтылады. "Алматы қаласының Сот сараптамасы институтының сарапшысына қатты ұқсайтын ер адам жұмыс орнында әйелді ұрып-соғып жатыр. Ішкі істер министрлігінен шара қолдануын сұраймыз", - делінген видеоның астындағы сипаттамада. Жетісу облысының тәртіп сақшылары бізге хабарлағандай, оқиға 9 қаңтарда Талдықорғанда болған. "Полиция бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға 9 қаңтарда Талдықорғандағы интернет-дүкендердің бірінде болғаны анықталды. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жария етілмейді", - делінді облыстық полиция департаментінің жауабында. Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер қолданылады! https://youtu.be/PqaJXxVr-Wo
Комментарии