Қазақстандық могулшы Алматыда өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

771
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық могулшы Павел Колмаков Алматыда параллельді могулдан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) ақпаратына сілтеп. 

«Павел Колмаков күміс алды! Жартылай финалда Колмаков финдік бәсекелесі Севери Виереладан оза шапты. Үлкен финалда ол титулды канадалық Микаэль Кингсберимен кездесті. Шешуші жарыста Кингсбери жеңіске жетті - Колмаков күміс жүлдені жеңіп алды», - делінген жұма күні тараған хабарламада.

Әлем чемпионатының аталмыш кезеңі Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғысы базасында 8 наурызда басталған болатын.

Жарыс бағдарламасына могул, параллель могул және шаңғы акробатика сияқты спорт түрлері кіреді.

Пікірлер