Абай облысында жолды су басып, автокөлік қозғалысы тоқтатылды

906
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Абайда облыстық маңызы бар автожолды су басты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

ТЖМ Мақаншы ауылынан 11 шақырым жерде «Мақаншы-Жалаңашкөл» автожолында қардың қарқынды еріп жатқанын мәлімдеді. Сол себепті жолды су басқан.

«Елдімекендерде жол төсемінің шайылып кету қаупі және су басу қаупі жоқ. Тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі уақытта жергілікті жерде ЖАО 50-ге жуық адам және 4 техника жұмыс атқарып жатыр. Қосымша Аягөз қаласының Жедел-құтқару жасағының және Мақаншы ауылының № 18 Өрт сөндіру бөлімінің күштері, жеке құрамның 12 адамы, 7 бірлік техника (жүзу құралы, мотопомпа) жіберілді. Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин мен Үржар ауданының ТЖБ бастығы Бектығазы Саянов оқиға орнында. Жағдай бақылауда», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Аумақта автокөлік қозғалысы тоқтатылған. Жүргізушілер айналма жолдар арқылы жүруі керек. Полиция департаментінің күшімен айналма жол бойынша қозғалыс жүзеге асырылады, тыйым салу белгілері қойылды.

Пікірлер