Республикалық маңызы бар 4 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Қызылорда-Павлодар» жалпы ұзындығы 118 шақырым 1 автожол жабылды.
Ал Қостанай облысында Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты жалпы ұзындығы 83 шақырым «Жезқазған-Петропавл» бөлігі жабылды.
(автокөліктің барлық түрлері үшін)
Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 543 шақырым болатын "Жезқазған-Петропавл" және "Қызылорда – Павлодар" бөліктері жабылды.
"Осы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 265 бірлік техника және 285 адам жұмыс істеп жатыр", – деп жазды ҚазАвтоЖолдан.