Емшіге жүгінген зейнеткерлер ауруын асқындырып алған

813
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Алматылық дәрігерлер екі науқасты сал болып қалудан құтқарған, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Қазақпаратқа сілтеп.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасынан мәлімдеуінше, екі зейнеткер жұлын каналындағы жүйке тінінің ісігімен ауруханаға жүгінген.

Науқас екі әжей ақ халаттылардың орнына емшілерден ем іздеген. Алайда жағдайы нашарлап, ауруханаға барудан басқа амал болмаған..

"Отаның қиындығы — ісіктің жұлынның сыртында емес,  ішінде орналасуында болды. Жұлынның өзіне зақым келтіру қаупі жоғары еді. Құдайға шүкір, екі операция да сәтті өтті және әрқайсысы шамамен 3,5 сағатқа созылды. Бұл оталарды жасау барысында біз өз қозғалысымызды бақылау және жұлынның сау бөліктерінің зақымдануын болдырмау үшін нейромониторлар мен нейронавигациялық жүйені қолдандық", - дейді нейрохирург Марат Алматов.

Пікірлер