Әлемнің "ең сұлу" аруы анықталды

1023
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Әлемнің ең сұлу аруы анықталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Мумбайда өткен "Әлем аруы" сұлулық байқауы өз мәресіне жетті.

"Әлем сұлуы" ретінде чехиялық бойжеткен таңдалды. Ол - 24 жастағы Кристина Пышкова.

Әлем аруына құны 45 миллион теңгеге жуық тәж табысталды. "Әлем аруы" атағы үшін биыл 115 елдің өкілдері бақ сынады.

"Әлем сұлуы" атанған ару Пышкованың екі жоғары білімі бар. Одан бөлек, қайырымдылық шараларына белсенді қатысқаны, Танзанияда ерікті ретінде мектеп салуға көмектескені белгілі болды.

Ару тоғыз жыл бойы өнер академиясында білім алып, халық биін керемет билейді. Ол флейта мен скрипкада ойнауды біледі және байқауда оркестрмен бірге өнер көрсетті.

Пікірлер