Көпір үстінде. Атырауда жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

1828
Adyrna.kz Telegram

Атырауда екі көлік соқтығысып, төрт адам мертікті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Жол апатынан зардап шеккен тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Атырау қалалық полиция басқармасы жол апатының 10 наурыз күні сағат 01:40 шамасында болғанын хабарлады.

"Атырау қаласындағы Жайық өзенінің қос жағалауын жалғайтын көпірдің үстінде Lada Granta және Infinity автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Lada Granta автокөлігінің рөлінде болған 1998 жылғы жүргізуші мен 3 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Түрлі дене жарақатын алған бір жолаушы жедел жәрдем бригадасының көлігімен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады қалалық полиция басқармасынан.

Қазір жол апатының себебін анықталуда.

Пікірлер