Ақтөбе облысында 11 балықшы қар құрсауында қалып қойған

642
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысында 11 балықшы қар құрсауында қалып қойған. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді,  деп хабарлады “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, бүгін Қарғалы ауданының Желтау ауылы аумағында Қарғалы су қоймасының маңында балықшылардың 3 көлікпен қар құрсауында қалғаны туралы хабар түскен.

Боран және нашар көрінуге байланысты олар көмекке жүгінген. Түнгі 3:30-да құтқарушылардың күшімен 3 жеңіл автокөліктен 11 адам эвакуацияланды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

 

 

Пікірлер