Оразамен құттықтап, фанатизмнен сақ болуға шақырды

695
Adyrna.kz Telegram
Фото: Anadolu
Фото: Anadolu

Рамазан айының басталуына орай Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жерлестеріне сөз сөйледі. Діни фанатизмнің көріністері елге қауіп төндіретін надандықтың бір түрі екенін ескертті. Бұл туралы Тәжікстан президентінің сайтында айтылған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Рахмон білімді дінмен алмастырудың қайғылы салдары болуы мүмкін екенін баса айтты. Президент Тәжікстан тұрғындарын білім мен ғылымға көбірек көңіл бөлуге шақырды.

Тәжікстан басшысы фанатизм ұлтқа тек қасірет әкелетін надандық екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Сауд Арабиясы, БАӘ, Катар, Кувейт сияқты кейбір мұсылман елдерінде ғылым мен технологияның прогресс пен дамуға ықпал ететінін, бұл ескірген ұғымдар мен идеяларды жоюға әкелетінін атап өтті.

Пікірлер