30 шақырымдық көлік тығыны қалай реттелгені хабарланды

1211
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

10 наурыз күні құтқарушылар "Алматы-Бішкек" республикалық маңызы бар автожолында  30 шақырым көлік тығыны болып, тұрып қалған көлікті эвакуациялады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқиға Алматыдан 100 км шамасындай жерде болған

“10 наурыз сағат 19:50–де Алматы облысының Жамбыл ауданында жол жамылғысының нашарлығы салдарынан "Алматы-Бішкек" республикалық маңызы бар автожолында 30 шақырымдық кептеліс пайда болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Дала жолымен осы учаскені айналып өтуге тырысқан 5 көліктің жүргізушілері балшықта қалып қойды. Оқиға орнына ТЖД мен ЖАО 4 қызметкері мен техникасы шықты. Сондай-ақ, ПД және "Қазавтожол" қызметкерлері жұмыс істеді”, делінген хабарламада.

Сағат 02:55-те 3 адам, оның ішінде 1 бала бар көлік эвакуацияланды.

Пікірлер