Бишімбаев: Айыпты мойындамаймын, ашық сот сұраймын

1048
Adyrna.kz Telegram

Экс-министр Қуандық Бишімбаев бүгін өткен сот отырысында кінәсін мойындамайтынын айтып, сотты алқабилердің қатысуымен өткізуді сұрады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Әйелі Нүкенлваны өлтірді деген күдікке ілінген Бишімбаев алқа билердің, журналистердің қатысуымен ашық сот өткізуді сұрады.

Айта кетейік,9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді күдікпен ұсталғанын хабарлады. Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады.

Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеген еді. Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады. Сонымен қатар 10 қарашада Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев ұсталған сәтінде түсірілді деген сурет желіде тараған. Сондай-ақ экс-министрдің әйелі Салтанат Нүкенова Павлодар қаласы экс-әкімінің жиені екені расталды.

 

Пікірлер