Президент Жұмабай Шаштайұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

708
Adyrna.kz Telegram
Ақорда
Ақорда

Мемлекет басшысы жазушы Жұмабай Шаштайұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақордаға сілтеп.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазаға көңіл айтты.

"Жұмабай Шаштайұлы қазақ әдебиетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырып, руханиятымыздың дамуына елеулі үлес қосты. Шығармалары кеңінен насихатталып, оқырман тарапынан жоғары бағаланды. Өнегелі ғұмыр кешкен Жұмабай Шаштайұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған Президенттің жеделхатында.

Пікірлер