Қазақстан тазалық жағынан Африкадан артта қалды

990
Adyrna.kz Telegram
Фото: Sputnik.kz
Фото: Sputnik.kz

Депутат Советбек Медебаев Премьер-министр Олжас Бектеновке тазалыққа қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Депутат ауаның, судың және топырақтың шектен тыс ластануын айтты.

Медебаев атап өткендей, соңғы жылдары Қазақстан қоршаған ортаны қорғау тиімділігі рейтингінде 180 елдің арасында 93-ші орынға жайғасып, Намибия, Габон және Зимбабве сияқты елдермен салыстырғанда артта қалған.

Депутаттың айтуынша, Қазақстанда Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Жезқазған және Теміртау сияқты қалаларда ауаның ластану деңгейі жоғары. Мұның бәрі адамдардың өмірі мен денсаулығына кері әсерін тигізеді.

«Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында өңірдегі өндірістік кәсіпорындардағы зиянды газдарды сүзуге арналған қондырғыларды жаңғырту жұмыстары дер кезінде жүргізілмесе, өңірдегі экологиялық жағдай күрт нашарлауы мүмкін», - деді сенатор.

Медебаев өнеркәсіптік кәсіпорындардан шыққан қалдықтардың ашық жерде сақталатынына алаңдаулы.

Пікірлер