Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
ҚР Үкіметінің қаулысымен Серік Төлеуғалиұлы Төленбергенов төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды.
Ол 1974 жылы Семей облысында дүниеге келген.
Вице-министр Кәсіптік-техникалық училищесін, Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық техникумын, Қазақстан-Америкалық университетін, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
Қызмет жолын 1995 жылы жеке ұйымда бухгалтер болып бастаған.
2022-2023 жылдары — коммуналдық кәсіпорын директоры, Семей қаласы мәслихатының депутаты.
2023 жылдың қазан айынан бастап, жаңа қызметіне дейін — Абай облысы әкімдігі Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы болды.